Worldskills Kazakhstan 2025

«КАСПИЙ» ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ САЛАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

КОЛЛЕДЖІ ЖШС

«WorldScills – шеберлік пен табысқа жету»

колледжішілік чемпионаты

Жаңаөзен 2025 ж

«Worldskills - 2025» кәсіптік шеберлік чемпионатының колледжішілік ашылуы

Worldskills чемпионатының мақсаты:

Халықаралық стандарттар негізінде техникалық және кәсіптік білім беру салаларына жастардың қызығушылығын арттыру, насихаттау, әртарапты кәсіби бағдарлау, жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту, облысымыздың экономикалық - өндірістік дамуына қажетті, заманауи жаңа ғылыми – технологиялық біліммен қаруланған мамандар даярлау, сонымен қатар қаламыздағы оқу - ағарту, халыққа қызмет көрсету, дене шынықтыру және спорт саласы мамандарынан сараптамалық қауымдастықтарды қалыптастыру.

Біздің елімізде және біздің колледжде «Worldskills» кәсіптік шеберлік чемпионатының ұйымдастырылу тарихына тоқталғанды жөн көрдім.

2014 жылы Қазақстан WorldSkills ассоциациясына 76-шы қатысушы мемлекет болып тіркелді.

2015 жылы Қазақстанда WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионаты өткізілді.

2016 жылғы ұлттық чемпионат нәтижесінде құрылған ұлттық құрама мүшелері EuroSkills халықаралық чемпионатына «кірпіш қалау», «құрғақ құрылыс пен сылақ жұмыстары», «плитамен қаптау», «дәнекерлеу жұмыстары», «электрмонтаж жұмыстары» бойынша қатысты.

Оған белгіленген құзіреттіліктер бойынша 14 облыс және Астана, Алматы қалаларының 70-ке жуық өкілі қатысты.

2015 жылдан бастап Қазақстанада WorldSkills қауымдастығының талаптарын ескере отырып, колледж студенттері арасында колледжішілік, өңірлік және ұлттық кәсіби шеберлік конкурстары ұйымдастырылды және халықаралық деңгейге шығу үшін Қазақстан Республикасының құрама командасы құрылды.

«WorldSkills Aktau - 2017» өңірлік чемпионаты жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеруді көздеген байқау үшінші рет ұйымдастырылып, 9 құзіреттілікті қамтыды.

Оған біздің колледжден «Бастауыш сыныптарда сабақ беру», «Мектепке дейінгі тәрбие», «Дене шынықтыру және спорт» кәсіптік құзыреттіліктері бойынша студенттеріміз қатысты.

«WorldSkills Aktau - 2018» өңірлік чемпионаты 15 құзіреттілікті қамтыды.

WorldSkills Aktau – 2019 өңірлік чемпионаты 22 құзіреттілікті қамтыды.

WorldSkills Aktau – 2020 өңірлік чемпионатына «Ландшафты дизайны» құзыреттілігі, «Флористика», «Сән технологиясы» құзыреттіктері бойынша колледж студенттері қатысып, жүлделі орындар алды.

WorldSkills Aktau – 2024 өңірлік чемпионаты 29 құзіреттілікті қамтыды.

Осы WorldSkills Kazakhstan 2024 республикалық чемпионатында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздің колледждерінде кәсіптік білім берудің маңыздылығы мен келешегін атап өтті. Оның айтуынша, «осы WorldSkills чемпионатының арқасында орта білім мен кәсіби шеберлікке ие болу - елімізде өнеркәсіпті, инновацияны және бизнесті дамытуда шешуші рөл атқаратынын еліміздің жастары көрсете білді» деді.

WorldSkills Aktau – 2025 өңірлік чемпионатына біздің колледж студенттері жоғарыда аталған құзыреттіліктермен қоса, «Аударма ісі», «Тәлімгер ісі», «Ағылшын тілін қашықтықтан оқыту» және «Фотосурет ісі» кәсіптік құзыреттіліктері бойынша бақ сынамақ.

Ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаев «Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі» деген екен.

Сол сияқты, колледжден білім алып, «WorldSkills» чемпионаттарына қатысу арқылы өз тәжірибелерін жинақтап, жеңімпаз болып, кәзіргі таңда қаламыздың мектептерінде, балабақшаларында және тағы басқа салаларда қызмет жасап жатырған түлектерімізді атап өтуді жөн көрдім.

Олар:

Жақсылықова Орынгул Тазабайқызы – «Worldskills Aktau-2017» өңірлік чемпионатында «Бастауыш сыныптарда сабақ беру» құзыреттілігі бойынша «Күміс медаль» иегері. Кәзір №18 мектепте бастауыш сынып мұғалімі.

Сүйеубаева Гулдана Таңатарқызы – «Worldskills Aktau-2017» өңірлік чемпионатында «Бастауыш сыныптарда сабақ беру» құзыреттілігі бойынша «Қола медаль» иегері. Кәзір «Зияткерлік мектеп-бақша» жекеменшік мекемесінде бастауыш сынып мұғалімі.

Тілеумагамбет Орынхан Ұзақбайқызы – «Worldskills Aktau-2018» өңірлік чемпионатында «Мектепке дейінгі тәрбие» құзыреттілігі бойынша «Күміс медаль» иегері. Кәзір «Айзере» балабақшасында тәрбиеші болып жұмыс жасайды.

Тоқтабаева Жарқынай – «Worldskills Aktau-2020» өңірлік чемпионатында «Мектепке дейінгі тәрбие» құзыреттілігі бойынша «Кола медаль» иегері. Кәзір «Балауса» балабақшасында тәрбиеші болып жұмыс жасап жатыр.

Ниязбаева Аселхан Худайбергеновна - «Worldskills Aktau-2020» өңірлік чемпионатында «Ландшафты дизайны» құзыреттілігі бойынша «Алтын медаль» иегері;

Мусалимова Асем Айболқызы - «Worldskills Aktau-2020» өңірлік чемпионатында «Флористика» құзыреттілігі бойынша «Алтын медаль» иегері;

Турашева Диляра Талғатқызы - «Worldskills Aktau-2020» өңірлік чемпионатында «Дене тәрбиесі және спорт» құзыреттілігі бойынша «Алтын медаль» иегері;

Шорабатыр Аяулым және Искакова Айдана - «Worldskills Aktau-2023» өңірлік чемпионатында «Тәлімгер ісі» құзыреттілігі бойынша «Қола медаль» иегерлері;

Оразғалиева Әсемай Өтемісқызы - «Worldskills Aktau-2021» өңірлік чемпионатында «Мектепке дейінгі тәрбие» құзыреттілігі бойынша «Күміс медаль» иегері;

Ізтелеуова Айдана - «Worldskills Aktau-2022» өңірлік чемпионатында «Мектепке дейінгі тәрбие» құзыреттілігі бойынша «Алтын медаль» иегері;

Тулегбердыева Жұлдыз Нұрлыбекқызы - «Worldskills Aktau-2020» өңірлік чемпионатында «Бастауыш сыныптарда сабақ беру» құзыреттілігі бойынша «Қола медаль» иегері;

Изкенов Айдын Ерсайынұлы – «Worldskills Aktau-2022» «Дене тәрбиесі және спорт» құзыреттілігінен «Алтын медаль» иегері.

Оразғалиева Әсемай - «Worldskills Aktau-2020» чемпионатында 2020 жылғы 25-30 маусым аралығында өткен құзыреттіліктер бойынша “Skills Camp” онлайн жаттығу лагерінде «Мектепке дейінгі тәрбие» құзыреттілігі бойынша I орын иегері

Қуанов Маңғыстау – «Worldskills қозғалысын білу» тақырыбы бойынша QUIZ-викторинада I орын иегері

Хасанова Ақтілек – «Worldskills Aktau-2022» облыстық чемпионатының «Алтын медаль» иегері, Кәзір колледжде оқытушы

Турмамед Ақбаян - «Worldskills Aktau-2023» облыстық чемпионатының «Алтын медаль» иегері, Кәзір №13 Дарын мектебінде мұғалім

Нұрбаева Айдана – «Worldskills Aktau-2024» облыстық чемпионатының «Алтын медаль» иегері, кәзір колледжде 4 курс студенті

Ялгасбай Назерке - «Worldskills Aktau-2024» өңірлік чемпионатында «Мектепке дейінгі тәрбие» құзыреттілігі бойынша «Алтын медаль» иегері;

Хасан Мирас Сембайұлы - «Worldskills Aktau-2023» «Дене тәрбиесі және спорт» құзыреттілігінен «Алтын медаль» иегері.

Айтбаев Жанғали Каримбайұлы - «Worldskills Aktau-2024» «Дене тәрбиесі және спорт» құзыреттілігінен «Алтын медаль» иегері.

Құрметті түлектеріміз! Колледж қабырғасынан алған білімдеріңіз бен жинаған тәжірибелеріңіз алдағы өмірлеріңіздің шамшырағы болсын демекпіз!

Осы арада аталған түлектерімізді осындай жетістіктерге жеткізген колледж оқытушыларының да есімдерін атап, құрмет көрсету өте орынды деп есептеймін.

Олар:

Джумаганбетова Зоя Сайынқызы,

Ильясов Мақсат Имамединұлы,

Шакенова Гулжан Абдимукаровна,

Есенова Мадина Ходжабергеновна,

Хайруллаева Алия Базарбаевна,

Жолдасбаева Айдана Аралбайқызы,

Калдаманов Даулет Абиевич,

Сағырбаева Маржан Кенжебековна

Құрметті Ұстаздар! Еңбектеріңізге шығармашылық табыс, қадамдарыңызға шалқар шабыт тілеймін!

Жоғарыда аталған түлектеріміздің білім алып, тәжірибе жинауда өткен жолдарын үлгі ретінде атап, құрметтей отырып, «Worldskills-2025» чемпионатына қатысқалы отырған студенттерімізге сәт сапар тілеймін!

Сонымен «Worldskills-2025» чемпионатының колледжішілік кезеңінің негізгі мақсаты – колледжде білім алып жатырған жастарды өз мамандығының шебері болу үшін алдымен оларға жұмысшы мамандығын меңгерту - өмір мектебінен өтудің алғашқы баспалдағы болмақ.

Әрі қарай, колледжішілік «Worldskills-2025» чемпионатының командаларымен таныстыру.

Бәріңе сәтті қадам болсын!